Philips HD6103 Bedienungsanleitung Seite 50

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 124
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 49
- Құралды көлденең, тегіс және тұрақты бетке қойыңыз.
- Қадағалаушы терезені қолыңызбен ұстамаңыз, себебі ол қуырып жатқанда қатты қызып
кетеді.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құралды дұрыс қолданбаса немесе кәсіби яки
жартылай кәсіби мақсатта қолданса, сондай-ақ, нұсқаулықта көрсетілгендей қолданбаса,
кепілдік күшін жояды әрі Philips компаниясы ешбір зақымға жауапты болмайды.
- Тағамды қара немесе қоңыр түстен көрі алтын сары түске шейін қуырыңыз, және күйіп
кеткен қоқымдарын алып тастап отырыңыз. Крахмалды тамақтарды 175°C
температурасынан жоғары температурада қуыруға болмайды, әсіресе картоп пен дәнді
дақылдарды (акриламид шығарылуын төмендету үшін).
- Су немесе/және мұзды майға араласып кетуден сақ етіңіз, себебі бұл майдың қатты
шашырауына немесе көбіршектенуіне әкеліп соғады. Бұл үшін, қуырар алдында міндетті
түрде мұздатылған ингредиенттердегі артық мұзды алып тастап, оларды жақсылап тұрып
кептіріңіз. Себетті тым толтырып жібермеңіз. Тазалап болғаннан соң, қуырғышқа май
құяр алдында барлық бөлшектерді жақсылап тұрып кептіріңіз.
- Құралда Азиаттық күріш шелпегін (немесе сол тәрізді тамақты) қуырмаңыз. Бұл майдың
қатты шашырауын немесе қатты көбіршік шығаруын туғызуы мүмкін.
- Қатты қызып кетуден және тасып кетуден сақ болу үшін, міндетті түрде қуырғыштың ішкі
ыдысындағы деңгей көрсеткішінің «МИН» мен «МАХ» деңгей аралығында май
толтырылуы тиіс.
- Құралдың ішіне май құймастан бұрын оны қосуға болмайды, себебі ол құралға зақым
келтіруі мүмкін.

Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз.

1 Құралды алғаш қолданар алдында оны тазалаңыз («Тазалау» тармағын қараңыз).
Қуырғышқа май құяр алдында барлық бөлшектердің дұрыстап кепкендігін тексеріңіз.
2 Қақпағын ашу үшін, қақпақты босату түймесін басыңыз (Cурет 2).
3 Май/сұйық май кестесін оқып, қуырғышқа қанша май құйатыныңызды көріп
алыңыз (Cурет 3).
4 Құрғақ қуырғышқа май, сұйық май немесе ерітілген майды ‘MIN’ және ‘MAX’
индикаторлары аралығына шейін құйып, қақпағын жабыңыз (Cурет 4).
Құралды май құймастан бұрын қосуға болмайды.

Әр түрлі майды арластырмаңыз және қолданған майға жаңа майды құймаңыз.
- Біз сізге қуыруға арналған майды немесе сұйық майды қолданыңыз деп кеңес береміз.
Соя майы, жаңғақ майы немесе күнбағыс майы секілді көкөніс май немесе құнартылмаған
майды қолданғаныңыз дұрысырақ болады (мысалы линолейлік қышқылдық).
- Май мен сұйық май өзінің пайдалы қасиеттерін жылдам жоғалтатындықтан, майды жиі
ауыстырып тұрғаныңыз дұрыс (10-12 рет қолданғаннан кейін).
- Майыңыз қызған кезде көбіктене бастаса, немесе жағымсыз иіс немсесе дәм шығарса,
әлде түсі қарайып, сироп тәріздес бола бастаса, оны міндетті түрде ауыстырыңыз.
50
Seitenansicht 49
1 2 ... 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 ... 123 124

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare